Облыс имамы Бейбіт Мырзагелдиев Сарысу ауданының әкімімен жүздесті

Облыс имамы Бейбіт Мырзагелдиев Сарысу ауданының әкімімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданына зиярат етіп келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібекпен кездесті.

Кездесу барысында аудандағы діни ахуал сөз болды. Мешіт қызметкерлерінің бүгінгі күн талабын жақсы түсіне отырып, тек діни уағызбен шектеліп қалмайтынын, қоғамның рухани өрлеуіне де өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен Бейбіт Әліпбекұлы, «Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы, яғни ел игілігі үшін қызмет ету»,- екенін жеткізді. Өз кезегінде аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы аудандағы діни ахуалдың тұрақты екеніне ризашылығын білдіріп, келген құрметті қонаққа рахметін айтты. Кездесу соңында Қанатбек Қайшыбекұлы облыс имамына Ұлы Абайдың қара сөздер жинағын тарту етті.

Алмат Шадиев 

Сарысу аудандық мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: