Меркі: Аудан әкімі мешіт құрылысымен танысты

Меркі: Аудан әкімі мешіт құрылысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Ойтал ауылында жаңа мешіт қолданысқа берілмек. Қабырғасы қаланып, ғимараты бой көтерген ауыл мешітін көруге Меркі ауданының әкімі Мейірхан Азатұлы арнайы ат артып келді.

Құрылыс алаңымен танысып, жұмыс барысын қадағалау мақсатында ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиев әкімге мешіт салу жобасының жоспарын көрсетіп, бітуге аз қалған мешіттің іші-сыртын аралатты. 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні мешіт жұмыстарымен танысу, тұрақтылығын бақылау, зерделеу үшін келген Аудан әкімі мешіт ауласына асфальт салу сынды қажеттіліктерге аудан атынан қолдау көрсету ниетін жеткізді.

Айта кетейік, бұл мешітке ауыл кәсіпкерлері, тұрғындардың өзі демеушілік етіп, мешіттің бой көтеуіне бірлесе ат салысуда.

Осы орайда, екі дүние бақытына жол көрсететін ғибадат үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» дегенін еске сала кеткен жөн шығар. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: