Сурат ауылы мұқтаждарға қайырымдылық жасады

Сурат ауылы мұқтаждарға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Сурат ауылдық мешіті мен жамағатының ұйытқы болуымен 10 отбасыға көмек көрсетілді.

Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің демекші, әрбір игі іс көмек алушыны қуантып қана қоймай, көмек берушіні де мейрімге бөлейді.

Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж ауыл тұрғындарына азық-түлік үлестіріліп, барлық қажеттіліктер жеткзілді. Шараға жалпы 200 000 теңге қаражат жұмсалды.

Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.

Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді.  Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс. Ал мұндай садақа алушыны ғана емес, көрушінің де жүрегін жібітері сөзсіз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: