Бас имам шаһар мешіттерін аралады

Бас имам шаһар мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Тараз шаһарында орналасқан мешіттерге барып қайтты. 

Күмбезі көкпен таласқан, жүзіктің көзінен өткендей көркем, жаңасы бар, көнесі бар 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының мешіттері қандай деңгейде? Жамағатқа қаншалықты жағдай жасалған, жөндеу жұмыстарын қажет ете ме? Әйелдер жамағаты үшін қандай мүмкіншілік қарастырылған, сынды мәселелерді анықтап, жай-жапсарын байқап, құжаттарды тексеру үшін бас имам Әбу Бәкір ас-Сыддық, Фирдаус, Асым ата, Тектұрмас, Құрал қажы, Сидуаш ата, Намаз ата мешіттеріне зиярат етті. 

Алла үйінің іші-сыртын аралап, мешіт қызметкерлерімен, имамдарымен жақынырақ танысып, хал-ахуал сұрады. Мұнарасынан азаны асқақтаған, мінберінен уағызы үгіт болған шаһар мешіттеріне жақсы баға берген Бейбіт Әліпбекұлы имамдарға ұсынысын айтып, пікірлерін тыңдады. 

Сонымен қатар ғимараттардың тазалығына аса мән беріп, алдағы жұмыс жоспарына қатысты тапсырмалар жүктеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: