Тұғырнаманы аудандарда түсіндіру жұмыстары қарқын алды

Тұғырнаманы аудандарда түсіндіру жұмыстары қарқын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Дін саласындағы заңнама талаптары" мен "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын түсіндіру жұмыстары басталды. 

Аталған жауапкершілігі мол құжаттарды халықтың, мұқтарам жамағаттың біле жүруі, оның бұқара арасында кеңінен таралуы діндар жұртшылық үшін аса маңызды. 

Тұрғырнамаға түсіндірме жұмыстарының басы Қордай ауданы "Мұсылмандар мешітінің ауласындағы жиыннан басталды. 

Карантин жағдайына байланысты шараға тек дін қызметкерлері қатысты. Атап айтсақ, аудандағы 13 мешіттің 19 имам-молдасы тартылды. 

Мұсылманның тұлғалық сипатын тәкпіштеп түсіндіріп, ата-бабадан келе жатқан құндылықтарды бағалауды насихаттайтын тұғырнама жайлы сүбелі сөз сөйлеп, санаға ғана емес жүректерге жеткізу үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың тапсырмасымен Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев арнайы ат басын бұрды. 

Түсіндірме жұмыстарымен қатар діни ахулаға қатысты мәселелермен жұмыс жасау мақсатында наиб имамның сапары 3 күнге созылмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: