Бас имам Т.Рысқұлов мешіттерін аралады

Бас имам Т.Рысқұлов мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Т.Рысқұлов ауданына іс-сапарымен келді.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Т.Рысқұлов ауданына қарасты мешіттерді аралады. Өкіл имамның алғашқы ат басын тіреген Алла үйі Абай ауылы «Қалқабай Ата» мешіті болды. Ол мешіт ағымдағы жөндеу жұмысы қызу  істеуде еді. Мешіттің жанынан қосымша дәретхана және асхана салынып жатыр.  Өкіл имам ғимаратты көріп, аралап, жұмысшылармен кездесіп,  ауылдың  ахуалын сұрап, халық санын білді. Салынып жатқан асхананың мақсатын сурап жауабына риза болып батасың берді.

Одан кейін Т.Рысқұлов ауданы Сұлтан орталық мешітін аралап, дін қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Мешітті аралау барысында, сонымен қатар дәретхана тазалығы, кезекшілердің жұмыс тәртібі, ақпарат бұрышын көріп разы болды.

Сондай-ақ, алдағы атқарылатын жұмыстардың ретін түсіндіріп, тиісінше тапсырмалар берді. Соның ішінде, жастармен жұмыс жасау, мешіттегі оқу-ағарту жұмыстарына көңіл бөлу, ұжым ішінде ауызбіршілікті сақтап, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасау керектігін айтып өтті.

Әбілда Мейірханов

Т.Рысқұлов аудандық Сұлтан мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: