Аудан әкімі облыс бас имамымен кездесті

Аудан әкімі облыс бас имамымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев Т.Рысқұлов ауданының әкімімен кездесті.

 Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Т.Рысқұлов өлкесіне арнайы іс-сапармен келді. Аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов мырзамен жақынырақ танысып, елімізге пайдалы жұмыстарды жоспарлады. Бірінші кезекте коронавирустық инфекциямен күрес және аймақтағы шектеу шараларын сақтау мәселелері жайында талқыланды, шешу жолдарын қарастырды.

Бүгінде ел мұсылмандарының бірегей орталығына айналып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан ел бірлігі, ішкі саяси біртұтастық мәселелері басты орындарға қойылып, тиісті деңгейдегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ аудан денгейде дөнгелек үстел, семинарлар өткізіп, соларға білікті теолог мамандарын шақырса, мәселен, Нұр-мубәрәк универститетінен және ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы ұстазбен өткізілсе, нәтижелі болар еді. Сонымен қатар басқа да маңызды болған мәселелелерді талқыланды. 

 Бейбіт қажы Әліпбекұлына аудан әкімі  Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов мырза алғысын жаудырып, шексіз ризашылығын білдірді.

Әбілда Мейірханов

Т.Рысқұлов аудандық Сұлтан мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: