Бұл мешіттерді бас имам арнайы зиярат етті

Бұл мешіттерді бас имам арнайы зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ілгеріде Меркі ауданындағы Жүніс молда мешітінің орнында медресе болатын. Бұл білім ордасында бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде имамдық қызмет атқарып жүген талайлаған білікті мамандар ілім алған. Кейін бұл медресе мешітке айналдырылды. 

Бүгінде тарихы тереңде тербелген мешіттің хал-ахуалы қандай, тазалық, жұмыс жүру тәртібі талапқа сай ма? Міне, осы мақсатты айқындау үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев мешітке арнайы ат басын бұрды. 

Мешітті аралап, молдасымен тілдесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар дәл осындай тексеру жұмыстары ауданда орналасан Жақсымбек мешітінде жасалды. Бас имам екі мешіттің де қызметкерлерімен танысып, пікірлерін тыңдады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Меркі ата аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: