Меркі: Облыс бас имамы өңірдің діни ахуалымен танысты

Меркі: Облыс бас имамы өңірдің діни ахуалымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Меркі ауданына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы іс-сапармен келді.

Сапар барысында облыстың діни көшбасшысы Аудан әкімі Мейірхан Азатұлымен жүздесті. Ауданның діни ахуалын айта келе әкім бас имамды жаңа қызметімен құттықтады.

Мешіттердің хал-ахуалымен танысып, іші-сыртын аралап, құжаттарын қараған Бейбіт Әліпбекұлы, Меркінің бас имамы Батырбек Қасымалиевпен өңіріндегі бірқатар мселелердің түйінін тарқатты.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда ел ішінде түрлі шулы жайттардың ең назарын аудартып, республикалық деңгейде проблема тудырғандары белгілі. Міне, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында темірді қызған кезде соқ демекші, қашан да көңіл бөліп, дер уақытында шешу жолдарын қарастыру, бірге жұмыс атқаруға кеңес берілді.

Айта кетейік, дін мамандарының тыңғылықты жұмысының нәтижесінде ауданда салафилік бағытты ұстанып келген 6 азамат дәстүрлі ислам дінімізге қайтты. Міне, осы сынды өңірдегі әзірбайжан ұлтының ұстанымы бойынша келіп түскен ұсынысқа аудан ішінде шешім жасалып, ретке келтіру жүктелді.

Ауданда жоспар бойынша алдағы уақытта 3 мешіт салу жоспарда бар. Бұл жөнінде тілге тиек еткен бас имам өзінің ұсыныстары мен пікірін де білдіріп өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: