Облыс бас имамы ауыл имамдарымен кездесті

Облыс бас имамы ауыл имамдарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Меркі ауданына қарасты ауылдардың имам –молдаларымен жиын өткізді.

Мәжілісте бас имам дін мамандарымен жеке-жеке танысып, мешіттердің хал-ахуалын сұрады. Ауыл жамағаты жайлы мағұлматтар алып, Алла үйінің тазалығына аса мән бере отырып, тапсырмалар жүктеді.

Имамдардың жұмыс өтілін сұрап, отбасылық жағдайы жайлы тілге тиек етіп, білім алған ілім ошақтары, оқу орындары жөніндегі сауалдарына жауап алды.  

Діни қызмет – үлкен жауапкершілік. Өйткені, ол адамның сеніміне байланысты, Жаратушы Алланың дініне деген қызмет. Осы тұрғыда имамдардың білімді де, жан-жақты болуы заман талабы. Ал жұмыс жасау барысында жамағатпен ғана емес барлық дін мамандарымен байланыста бірлесе қызмет ету – жетістіктің бірден бір жолы.

Бейбіт Әліпбекұлы осындай жауапкершіліктің маңыздылығын сөз етіп, молдаларға қолдау білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Меркі ата аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: