ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін-тазалық, Шу қаласындағы орталық зират тазаланып тегістелді. Зират басында Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы және аудан имамы Аят Дыбысұлы әруақтарға құран бағыштап дұға жасады.

Осындай сауабы мол игі шараға демеушілік көрсеткен халық қалаулысы Шу аудандық мәслихаттың депутаты Көпбаев Садықбай Жүнісбай ұлы басы қасында болды. Сонымен қатар Шу қаласының әкімі Садан Құрманұлы демеушілік жасаған Садықбай Жүнісбайұлына алғысын білдірді. Игі шара бұдан әрі қарай халық қалаулысының демеушілігімен жалғасын тауып Төлеби және Амангелді ауылдарындағы зираттар тазаланып тегістелетін болды.

Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы аудандық мәслихат депутатына және қала әкімі Садан Құрманұлына өзінің және қала тұрғындарының атынан алғысын жеткізді.

Шу қалалық Жәми мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: