БАС ИМАМ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАС ИМАМ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы Шу қаласының Тоғай мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан жаңа мешіт құрылысымен танысты. Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттің атауына байланысты өзінің ұсыныс, пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, бас имам Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлына жаңадан ашылатын мешітке жоғары білімді діни маманды тартуды тапсырды.

Құрылыс барысында Тоғай ауылының ақсақалдарымен кездесіп, осындай сауабы мол шараға атсалысып, ауызбірлікпен, ынтымақта демеушілік жасап жатқан қала тұрғындарына алғысын білдірді. Шу қаласының қариясы Тоғай мөлтек ауданының тұрғыны Сандыбаев Жапалақ ақсақал жаңадан бой көтеріп жатқан мешітке ат басын бұрып, мешіт құрылысымен танысуға келген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевке алғысын білдіріп қариялық батасын берді.

Шу қалалық Жәми мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: