ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ ШУ ҚАЛАСЫНДА

ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ ШУ ҚАЛАСЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы Шу қаласындағы мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Шу қаласындағы алғашқы іс-сапарын облыс бас имамы Шу қалалық Жәми мешітінің құжаттарын тексеруден бастады. Сондай-ақ қаладағы Кәрібай молда және Әбу Бәкір Сыддық мешіттерінің жұмыстарымен танысты. Бас имам Әбу Бәкір Сыддық мешітінің имамы Бақыт Нұрлыхановқа мешіттегі жат ағым өкілдерімен уағыз- насихатты күшейтіп, үнемі бақылуда ұстауды тапсырды. Шу қалалық «Жәми» және «Кәрібай молда» молда мешіттерінің дәретханасын мешіт қазандықтарын аралап көріп заманауи үлгіде соғылғанын көріп өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар алдағы оқу жылына нұр-Мүбарак университетінің түлектері «Кәрібай молда» мешітінің имамы Қалиев Нұржанға және «Айтқұл баба» мешітінің имамы Нармұханов Бахтиярға  шәкірттер дайындаумен айналысуды тапсырды.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: