Бейбіт Әліпбекұлы Шу ауданының әкімімен жүздесті

Бейбіт Әліпбекұлы Шу ауданының әкімімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев Шу ауданының әкімімен кездесті.

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев шуақты Шу өлкесіне арнайы іс-сапармен келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

Өзінің іс-сапарында аудан әкімі Жарылқасын Айтақов мырзамен танысып, Шу-Төле би тас жолында орналасқан Асауан сахаба мазараты жайында сөз өрбіп, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, басқа да маңызды болған мәселелелерді талқылады. Арнайы атбасын бұрып келген облыс имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлына аудан әкімі Жарылқасын Әбдіғаппарұлы мырза алғысын жаудырып, шексіз ризашылығын білдірді.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: