Бас имам Мойынқұм ауданына іс-сапарға барды

Бас имам Мойынқұм ауданына іс-сапарға барды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы  Мырзагелдиев Мойынқұм ауданына іс-сапарға барып қайтты.

Тараз шаһарынан ауданға арнайы ат артып келген бас имам аудандағы діни ахуалмен және мешіттердің  тынысымен танысты. Имамы жоқ мешіттерді маманмен қамту, кадр мәселесін қарастыруды жоспарға қойды.

Аудан имамына бірқатар тапсырмаларды жүктеп, жат ағымға қосылған адамдармен кездесулер ұйымдастырып, оларға дұрыс жолды нұсқау жұмыстарын күшейту тапсырылды. 

Сонымен қатар имам кез келген рухани жұмыстармен қажетті болған істерді біріге қызмет етіп атқаруға шақырды. Алдағы уақыттарда да Мойынқұм ауданына келіп, жұмыстарды қадағалап тұратынында  айта өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: