Меркі мешіті ораза айтта тұрғындарға қайырымдылық жасады

Меркі мешіті ораза айтта тұрғындарға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза айты төтенше жағдайға байланысты айт намазы жамағат болып мешіттерде оқылған жоқ. Келген жамағаттарға түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, үйде болуларын, айт намазының орнына үйде «дұха» нәпіл намазын оқуға үгіт-насихат жүргізілді. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда діни ахуал тұрақты.

Тәтті ауылының имамының ұйымдастыруымен айт мерекесіне байланысты 250 000 теңгеге жағдайы төмен 10 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді. Ауданның бас имамы  Батырбек қажы Қасымалиевтің ұйымдастыруымен көпбалалы, жалғыз басты анаға, мүгедек жандарға Ораза айтының құрметіне сый-құрмет жасалып, бұдан өзге қаржылай 110 000 теңге берілді.

Әлеуметтік жағдайы төмен, карантин кезінде күнделікті табысынан айырылған 5 отбасыға әр қайсысына 20 000 теңгеден берілді, барлығы - 100 000 теңге қаражат жұмсалды. Бас имам мұқтаж жандардың үйлеріне барып сыйлығын табыстап, айт дастархан басында Құран оқып дәметкен марқұмдарға бағыштап, жанұяларына, елімізге аман-есендік тілеп дұға жасады.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: