Бірлігі жарасқан ел озар

Бірлігі жарасқан ел озар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазанның соңғы күндері қалғанда Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалары қайырымдылық шарасында жарысты. "Бірлігі жарасқан ел озар" демекші, Балуан Шолақ ауылы Қойайдар мешітінің имамы Смайыл Аян биылғы мектеп бітіруші оқушылармен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Жастарды игілік-іске баулу мақсатында, ұйымдастырылған шарада, мектеп түлектері жұмыла бірігіп, жағдайы төмен 5 отбасына 60.000 теңгеге күнделікті тұтынатын азық-түлік үлестірді.

Арнайы дайындалған пакетте 5 кг күріш, 3 кг макарон, 1 қорап шай, 3 кг картоп, 3 кг сәбіз, 1 қорап қант, 2 л сұйық май, 1 кг тұз, 1 дана құрма, 2 кг печенье және ыдыс жуатын заттар: порошок, шампунь, сабын, фейри сынды т.б заттар.

Жылғабек мешітінің имамы Қоспанов Әбусейіт ауыл азаматтарымен бірлесе отырып, ауылда тұратын 8 отбасына азық-түлік үлестірді. Әр отбасына 20 кг ұн, 10 кг қант, 5 кг күріш, 2 кг макарон, 2 пакет кеспе, 1 қорап шай, 2 қорап печенье, 2 л сұйық май, 1 дана құрма, 1 дана дәндер, 1 л томат, 5 кг картоп, 5 кг сәбіз, 5 кг пияз, 1 дана халва берілді. Сонымен қатар 1 отбасына 300.000 теңгеге бір бас үлкен сиыр зекет берілді. Жалпы жұмысалған қаражат саны - 460.000 теңгені құрайды.

Рақыш-ата мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов болса, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі және жағдайы төмен 7 отбасына қайырымдылық жасады. (2 кг конфет, печенье, 5кг күріш, 4 кг макарон, 2 л сұйық май, шай 250 гр және ыдыс аяқ жуатын порошок, сабын, фейри) үлестірді. Жұмысалған қаражаты - 70.000 теңгені құрады.

Бөлтірік мешітінің имамы Біржан Мұналбеков ауылда тұратын малшылардың үйлерін аралап, 6 отбасына 6 бас қой зекет берілуіне себепші болды. Орта есеппен малдың бағасы 200.000 теңге болады.

Кеше Бірлікүстем мешітінің молдасы Әлімбеков Жетпісбайдың мешітінде тағы бір қайырымдылық орын алды. Ауыл азаматтары мешітте Құран оқытып, ауылда тұратын жағдайы төмен 8 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік үлестірді. Қайырымдылық жасап отырған, және қайырымдылықтың өтуіне себепші болған имам-молдаларға Алла разы болсын дейміз.

                                                 Талғат Кәрібайұлы

 Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: