Ораза айттан қайырым: 500000 теңгеге көмек берілді

Ораза айттан қайырым: 500000 теңгеге көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нәпсіні тәрбиелеу мектебі болған рамазан айымен қимай қоштастық. Иманға дем беріп, талайлардың ораза ұстап, намазға келуіне,  бүркеншегін орануына сеп болған айлардың сұлтаны мейірімділіктің мерейін өсіріп, қайырымдылықтарымен қайырлы болды. 

Осынау ұлық айдан соң көпшіліктің басын қосып, арқа-жарқа, мәз-мейрам қылып, татулық пен бірлікте болуға үндейтін берекелі мереке Рамазан айты да келіп жетті. 

Осыған орай, 50 отбасыға көмек көрсетіліп, айттық таратылды. Атап айтар болсақ, 15 отбасыға қаржылай жәрдем берілсе, карантин жағдайына байланысты 35 отбасының үйіне азық-түлік жеткізілді.  

Қаражаттарды мешіт имамы Жалғас Жұбатқан үлестірсе, барлық керек азық салынған пакеттерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев бастаған Һибатулла Тарази мешітінің қызметкерлері жеткізді.

Іс-шараға жалпы 500000 теңге қаржы жұмсалды. Мұндай көмек алған жалғызбасты, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар разылықтарын білдіріп, дұғаларын жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі. 

          

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: