Қайырымдылықтың қайтарымы мол

Қайырымдылықтың қайтарымы мол

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қаратау» мешіттің ұйымдастыруымен қасиетті Ораза айында аудан тұрғындарына арналған қайырымдылық шарасы әлі де жалғасып жатыр. Әрбір көмекті үлкен сауапқа санаған орталық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Алиев және мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат Қадір түні қарсаңында демеушілер тарапынан жиылған қаражатқа әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100-ге жуық отбасына күнделікті тұтынатын азық- түлік өнімдерін таратып берді. Сондай-ақ, арнайы ірі-қара малын сойып, етін  жәрдемге мұқтаж жандарға үлестірді.

Бұдан бөлек, Қадір түніне ауған күні аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудандық орталық мешітте 150 адамға арнап ауызашар таратты.

Игі іске бейжай қарамайтын азаматтардың арқасында талай шаңыраққа әлеуметтік көмектің көрсетіліп жатқанын алға тартқан Нұрсұлтан Алиев: -Мұқтаж жандарға жәрдем беру арқылы адамдар үйлесімде өмір сүреді. Негізі ислам жақсылық жасауды, кісіге қамқорлық танытуды діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Адам жанына қуаныш сыйлайтын, жанға демеу беретін шапағатты шаралар жалғасатын болады, - дейді.

«ТТ»-ақпарат 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: