Жуалы мешіті табиғи апатқа ұшыраған аймақтарға көмек жолдады

Жуалы мешіті табиғи апатқа ұшыраған аймақтарға көмек жолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қай қоғамда болсын мәні де, өзектілігі де жойылып кетпейтін бір құндылық бар екені рас. Ол - қайырымдылық. Адамдардың бір-біріне деген ізгі ниеті, жағдайы бар жандардың өзге мұқтаж жандарға қол ұшын созып жасайтын жақсылығы, тіпті оған қатысы жоқ адамның да көңіліне жылу сыйлайды. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің шарапаты болады. "Қуанышты бөліссең көбейеді" дегендей, мұндай әрекет адамдарды қашанда қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады.

 Жомарт болу - өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. Осы орайда Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы шекаралас Өзбекстандағы Сардоба  су қоймасы бөгетінің бұзылуынан Мақтарал ауданына қарасты ауылдарды су басқаны мәлім. Мақтааралдық қандастарымызға жуалылықтардың қолдан келген жәрдеміне мешіт имамдарыда жәрдемін  жеткізіп, достық пейілдерін танытты.

Жуалы аудан орталық мешіт қайырымдылық көрсетуден қалыс қалған емес әр ай сайын көмек қолын созып келеді. Жалғасын тапқан бұл іс-шара  қасиетті рамазан айының әр аптасында түскен пітірі садақа есебінен мұқтаж тұрмысы төмен отбыларға азық түліктей таратылу жалғасын тапты.

Жуалы ауданының бас имамы, айт мейрамына орай, мүмкіншілігі шектеулі бүлдіршіндерге және мұқтаж жандарға түрлі тәттілерге толы пакеттерді үлестірді. Осыған орай, мешіт тарапынан өне бойы көрсетілетін көмектерге, өздерінің алғыстарын білдіріп, дән ризалықтарын айтты. Аудан  имамы осындай ұлы мерекеде қуанышты сәт сыйлағанына, Аллаға сансыз шүкіршілік айтып, алдағы уақытта да көмек көрсететіндігін айтты!

 Нұрлан Амирбаев

«Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: