Муфти Хазреттің айтқа қатысты мәлімдемесі түсіндірілді

Муфти Хазреттің айтқа қатысты мәлімдемесі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Масаншы, Сортөбе, Ауқатты және Қарасу ауылдарында ҚМДБ-ның Айт мерекесіне қатысты мәлімдемесін жеткізіп, Жамбыл облысының имамы Б.Мырзагелдиевтің тапсырмасын орындау үшін облыстық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев келіп, аталмыш ауыл имамдарына түсіндіру жұмыстарын жасады.

Атап айтар болсақ, Масаншы ауылында "Мұсылмандар", Сортөбе ауылында «Сортөбе» мен «Ханафи», Ауқатты ауылы «Ауқатты» мен Қарасу ауылы «Абу Бакр» мешіттерінде имамдарға айт намазы індетке байланысты оқылмайтындығын, соны жамағатқа әдептлікпен дұрыс жеткізу керектігін айтып өтті. Облыстан ат артып келген дін маманы айт күндері кезекшілік жасап, қырағылықпен өткізуді ескертіп өтті.

Асқар Зәкіржанұлы

Аудандық Қордай мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: