Мұқтаж жандарға көмек

Мұқтаж жандарға көмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық Меркі ата мешітінің ұйымдастыруымен Жүніс молда мешітінде қадір түні кешінде жағдайы төмен, көпбалалы, мүгедек жандар отбасына 70 жанұяға 70 қап ұн, шекер, сұйық май және де басқа азық-түлік таратылды.

Мұқтаж жандарға бұл да болса, демеу болды. Алланың құлшылық үйіне үміт артып келушілер саны көп, дін қызметкерлері шама-шарқына қарай құр қол қайтармауға тырысуда.

Өтпелі, уақытша бүгінгі таңдағы сынаққа сабырмен қараған халық, Алла Тағаладан жарылқау тілеп, жоқтан бар еткен Жаратушы Жаппар Иесінен үмітін үзбеген пенделері "әр нәрсенің қайыры бар" деп, алда жақсылық боларына сенімді. Алланың жақсы нұрлы күндеріне аман-есен жетейік.

Орталық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: