Бітті ғой несі қалды?

Бітті ғой несі қалды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздердің ата-бабаларымыз Рамазанды сағынышпен күтіп, қимастықпен шығарып салатын болған. Құдды көріспейтіндей көрінетін. Оразаның бір күні өтсе, "бітті ғой несі қалды?" дейді екен. Осы сезім, осы дәмді біздер сезініп тұрғандаймыз. Рамазанның соңғы күндерінде тұрмыз, соңғы сағаттары қалды десек те, артық айтқан болмаспыз.

Кеше 1000 айдан да қадірлі Қадір түнінің құрметіне  Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы аудандағы кәсіпкерлер және мекеме басшыларымен бірлесе отырып, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі 50 отбасына қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Атап айтатын болсақ, күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлікті (ұн, тұз, сұйық май, макаран т.б заттар) үйлеріне барып, табыстаған мешіт қызметкерлері мен жамағат, ол кісілердің жүзінен қуанышты көріп, білдірген жылы лебіздерін алып қайтты. Жалпы жұмысалған қаражат - 531.500 теңгені құрады. Осындай шараға ат салысқан азаматтарымызға алғыстарын жаудырды.

Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы өз кезегінде Рамазан айының қадір-қасиеті жайында сүбелі сөзін айтып, ертеңгі ораза айт тәбәрігінде жасайтынын жеткізді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: