Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітіне жаңа имам тағайындалды

Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күмбезі көкпен таласқан, көркемдігі көздің жауын алар Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітіне жаңа дін маманы келді. 

Айтулы Алла үйіне имамдық қызметке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің ұсынысымен осы уақытқа дейін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келген Қасымжан Бектаев тағайындалды. 

Бүгін Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахмет  Қасымжан Бекжігітұлын Мүфтидің бұйрығын оқып, қызметкерлермен таныстырды. Білікті маманның жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, жетістіктерін атап өтті.

Айта кетейік, Қасымжан имам Әл-Ахһар университетінің түлегі, қари, қалалық Кеңесхан қажы мешітінде, Һибатулла Тарази мешітінде наиб имам қызметтерін атқарған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: