Бас имам Камракул мешітін зиярат етті

Бас имам Камракул мешітін зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Тараз қаласында орналасқан Камракул мешітіне барып қайтты.

Мешіттің хал-ахуалын көріп, қызметкерлерімен, мешіт ақсақалымен танысып, тілдесті. Жамағатқа үлгі болып, қашанда аталық батасын беріп, түйіткілді мәселелерді шешуде мұрындық болып жүрген қариямен біраз тілдескен имам, мешіттің тұрақты жамағаты жайлы мол мағұлмат алды.

Мешіттің іші-сыртын аралап, құжаттарын тексерді. Мешіт имамы Арипжан Ахметовпен мешіттің ішкі істеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, нақты тапсырмалар берді. Жат ағымға қатысты көзқарастағы мешіт жамағатының бар-жоғын сұрастырып, теріс ағымға қарсы жасалып жатқан жұмыс барысын қадағалады. Кездесу соңында дін мамандарының қызметіне сәттілік тілеп, жақсы баға берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: