Меркі ауданы: «Көңіл тапқан - көл болады»

Меркі ауданы: «Көңіл тапқан - көл болады»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айында ауызашардың өткен оразадан айырмашылығы - еліміздегі карантинге байланысты асханаларға шектеу қойылғаны белгілі.

Ауданымызға қарасты Сұрат ауылында «Сұрат» мешіті қызметкерлерінің атсалысуымен жағдайы төмен, көпбалалы, зағип жандар жанұяларына күріштен плов даярланып, шайға тәтті тағам 300 отбасыға ауызашарға, үш автокөлікке тиеліп, көшелерді аралап үй-үйге таратылды.

Бір күндік ас болса да, түзулігін ескерген мұқтаж жандар алғыстарын жеткізіп жатты. Ия, аш емеспіз-ау, көңіл тапқанды айтыңыз.

Меркі ауданы, орталық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: