«Ел үлесі - пәтерге» жобасы 211 үйдің иесін тапты

«Ел үлесі - пәтерге» жобасы 211 үйдің иесін тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешіті Рамазан айында зекет берушілерді ұйымдастырып, «Ел үлесі – пәтерге»  атты қайырымдылық жобасы аясында көпбалалы, жалғызбасты анаға үй сыйлады. 211-ші үйдің кілтін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев табыстады.

Ізгі іс-шараға Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Халид Хожахметов, Қордай ауданының әкімі Рустем Дәулет, әкім орынбасары Бейқут Жамангзов, Қордай ауылдық әкімі Бахыт Сахатов, мешіт ақсақалдары мен жамағаты және Қордай аудандық ардагерлер төрағасы Біржан Әлімбет сынды ел ағалары, халық қалаулары қонақ болды.

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: