Тараз: Мешіт Қадір түні тікелей эфирмен жамағатқа жол тартты

Тараз: Мешіт Қадір түні тікелей эфирмен жамағатқа жол тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сексен үш жылға татитын сауабымен жылына бір-ақ рет келіп, барша мұсылманды иманға бөлеп, көз ілмей дұға етуге шақыратын Құран түні - Қадір түні.

Мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі — қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні. Айтулы түнді биыл мамыр айының 19-нан 20-на қарған түнінде бүкіл қазақ даласы бірге қарсы алды. Қадір түні — адамзаттың ақ пен қараны айыратын түні және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі бо­лып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн. 

Бар мұсылман асыға күткен мың айдан қайырлы қасиетті қадір түні келіп, Жамбыл облысының тұрғындары, Қазақстанның әр түкпірінен қосылған көпшілік мешітпен онлайн байланыста қасиетті кеште бірге дұғада болды. Карантин жағдайына байланысты мешіттерге көпшіліктің жиналуына уақытша тиым салынған. Алайда жамағат мешітпен бірге болудан қол үзіп қалмады.  Жылына бір рет келетін мың  айдан да қайырлы болған Қадір түнін құлшылықпен қарсы алу үшін еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін «Һибатулла Тарази» мешітінен байланысқа шыққан имамдармен youtube каналында тікелер эфирге қосулы болды. 

"Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы арнайы бағдарламаның тізгінін ұстап, имамдар үздіксіз насихат айтып, Құран оқып, тіпті жамағаттың сауалдарына да жауап беріп отырды. 

Ұлтты ұйыстырған ұлық мерекеде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев сүбелі уағыз жүргізіп, халықты айтулы күнмен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады. "Һибатулла Тарази" медресесінің директоры Қанат Жұмағұл да көркем насихат айтып, жүректерді жібітті. Құран түскен мүбарак түні үзіліс сайын құран оқылып, мешіттің найб имамдары кезекпен уағыз айтты.  

Тікелей эфирде шығармашылық байқау жарияланып, жеңімпаздарға 20 000 теңге сыйақы берілді. Сайыс шарты бойынша эфирде 4 сөз айтылады, сол сөзді қатыстырып, жылдам түрде берілген 2-4 минутта өлең жазып, комисия нөміріне жолдайды. Үздік шыққан туынды таңдап анылып, жеңімпаз жарияланады. Сондай-ақ эфирде сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген адамға 10 000 теңге сыйақы берілді. Өлеңмен өрнек ойған суырып салма ақындардың өлеңдері сайтта жарияланады. 

Айтылған дода әлі еш жерде болмаған, тұңғыш рет тікелей эфирде пайғамбарымыздың ақындық жайлы сүннетін жаңғырту мақсатында өткізілді. Сайысты Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы, Наркес Боханов, Асхат Акмамбетов жүргізді.

Рухыңа дем беретін әсерлі насихатпен әшекейленген тікелей эфир жамағатқа ерекше әсер беріп, өз пайдасын көрсетті.

 Алла нұрын төккен осынау қадір түні жасаған дұға-тілектер қабыл болғай!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: