Қадір түні: Облыс имамдырының онлайн жиналысы өтті

Қадір түні: Облыс имамдырының онлайн жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Һибатулла Тарази мешітінде облыс имамдарымен онлайн жиналыс өтті.  Жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді.

Онлайн бас қосуда қадір түніне қатысты, оны өткізуге байланысты мәселелер айтылып, нақты тапсырмалар жүкелді. 

 Карантин жағдайына байланысты мешіттер бүгін жайлап ашыла бастағанымен жамағатпен намаздар әзірге оқылмайтыны жеткізіліп, қадір түні мешітте жиналуға болмайтыны, айт намазының да өткізілмейтінін халыққа таратып, үйде болуға кеңес беру тапсырылды. Халық арасында карантинді сақтай отырып діни амалдарды орындауға үгіттеу жасалуы керек деп, көпшілік тудырған сауалдар талқыланды. Мешіттердің жұмысы карантин талабына сай жүріп-жүрмеуі тексерілді. 

Айта кетейік, мешітте қадір түніне жиналым болмағанымен дәл сол бағдарлама арқылы онлайн түрде youtube желісінде тікелей эфирде арнайы қадір кешіне арналған уағыздар айтылып, құран оқылып, тіпті викториналық сұрақ-жауаптар ойнатылып, жамағатпен кері байланыс та орнатылмақ. Инстаграм сынды желілерде де бағдарлама жайлы насихатталып, онлайн тамашалауға болатыны айтылуда.  Карантин жағдайды өзгерткенмен, иман амалдары өзгермейді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: