Бас имам "Әжелер мектебі" құрамымен танысты

Бас имам "Әжелер мектебі" құрамымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында нәзік жандылардан тұратын "Әжелер мектебі" мен "Арулар мектебі" құрылған болатын. Іргесі жаңа қаланған тәрбие ошағының басты мақсаты - Құран оқып, хатым жасап, мешітте жүрімен ғана шектелмей жастарға имани тәрбие үлгісін көрсетіп, салт-дәстүрімізді жасап, үгіттеп, қиын жағдайда үйде отырған, отбасылық мәселелері бар жандарға көмек көрсету, кеңес беру, рухани қолдау.

Екі мектептің құрылуына мұрындық болған мешіт ұстазы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева өз сізінде: "Қазіргі буын "қарағым, айналайын" деген жылы сөздерге зәру. Әжелер осы сөздерді айта отырып, өмір көрген тәжірибелерін сала отырып жастарға татулықта, бірлікте болуды үйрету, дінімізбен сабақтасқан дәстүрімізді насихаттау, жүректеріне жылулық енгізуді көздейді" -дейді. 

Осы мектеппен бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың алғашқы кездесуі өтті. Жиынға 15 ақ самайлы ақ әжелер қатысты.  Бас имам игілік жаршысы болған апалармен танысып, алдағы жұмыстарды талқылап, пікірлерін тыңдады. Әжелердің көшбасшысы болып, осы мектептің негізін қалаған, Жамила Джумабаева "Әжелер мектебінің" меңгерушісі болып табылады. Бұл игі құрамның алда атқарар қызметтері көп, мақсаттары айқын. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: