Исламтанушы түлектерге қызмет орындары ұсынылды

Исламтанушы түлектерге қызмет орындары ұсынылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев және Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ахметов Ғазиз Нұртайұлы республика аумағындағы діни оқу орындарын тәмамдағалы отырған Жамбылдық түлектермен кездесті.

«Һибатулла Тарази» медресесінде өткен жиынға биылғы 2020 жылғы түлектермен қатар 2019 жылдың бітірушілері де қатысты.  

Қазіргі таңда Жамбыл облысынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін 11, Сарыағаш медресе-колледжін 17, Әбу Ханифа медресе-колледжін 2, Шымкент медресе-колледжін 2, Үшқоңыр медресе-колледжін 7 және Һибатулла Тарази медресесін 14 шәкірт тәмамдағалы отыр. Жалпы биыл 53 шәкірт маман атанып, дипломдарын қолға алмақ.

Осы түлектердің ішінде 16 студент Жамбыл облысында қызмет жасауға дайын.

Кездесуде бас имам Бейбіт Әліпбекұлы түлектерге діни қызметтің абыройлы, әрі жауапкершілікті талап ететін үлкен іс екендігін жеткізді. Бас имам түлектердің жеке пікірлерін тыңдап, оларға қызмет орындарын ұсынды.

Атап айтсақ, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы, «Тұрғани» мешітіне ұстаз, Тараз қаласы, «Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітіне, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбай тегі Зиябек» аудандық мешіті, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көкөзек ауылы, «Жантай ата» мешіті, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы, «Рәпілбек ата» мешіті, Тараз қаласы, «Әзіреті Али» мешіті, Жамбыл облысы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, «Байзақ баба» аудандық мешіті, Талас ауданы, Тамды ауылы, «Тәңкібай ата» мешітіне ұстаздық қызметке, ал "Салы молда" мешіті, Тараз қаласы, «Кеңесхан қажы» мешіті, Тараз қаласы, «әл-Фирдаус» мешітіне наиб имам қызметтеріне кадр қажет.

Әзірге ұсынысты қабыл алған 16 түлек дипломдарын қолға алған соң осы мешіттерге орналастырылып, алдағы уақытта қалған түлектер де қызметпен қамтамасыз етіліп, оларға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жеткізілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: