Бас имам Жалпақтөбеліктермен Түркістанға қайырымдылық керуенін жіберді

Бас имам Жалпақтөбеліктермен Түркістанға қайырымдылық керуенін жіберді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Жалпақтөбе ауылындағы "Тұрғани" мешітінде болып қайтты. Алла үйінің іші-сыртын, 1200 түп алмасы бар бақшасын аралап, хал-ахуалымен танысты. 

Бас имам ауыл имамы Кәрім Рахматулланың ұйымдастыруымен Түркістан облысы Төле би ауданына жіберіліп жатқан қайырымдылық керуені шарасына қатысып, көпшілікке разылығын білдірді.

Қиын жағдайға тап болған қандастарымызға азық-түлік жіберіп, жақсылыққа өз үлестерін қосқан ауыл жамағатына дұға жасап, игіліктің сауабы жайында насихат айтты. 

Бас имамның сапар барысындағы барлық іс-шарасында ауданның бас имамы Ғарифолла Әмірбек бірге жүріп, өңірдің жағдайын баяндап отырды. 

Аудан жұмысына жақсы баға беріліп, бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар да жүктелген болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: