Еңбек ауылы облыс бас имамымен кездесті

Еңбек ауылы облыс бас имамымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Жамбыл ауданында іс-сапарда болып қайтты. 

Ауданға ат басын бұрған бас имам сапарын Еңбек ауылынан бастады. Халықпен жүздесіп, Мақтааралға қаржылай көмек жолдаған көпшілікке, ауыл қарияларына алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Жасалып жатқан қайырымдылықтың рамазан айында екі есе сауапқа кенелетінін тілге тиек етіп, ұйымдастырушы имамдарға алғыс хат табыстады.

"Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың басына түскен сынақты жан дүниелеріңізбен сезініп, қолдан келгенше жұдырықтай жұмылып, осы бір сынақтан өтуіне жасаған қайырымды істеріңіз үшін Сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін! Сіздер осынау сын сағатта ауызбіршілік танытып, мейірімділіктің, бауырмалдылықтың ізгі үлгісін көрсеттіңіздер! Алла тағала алдағы атқарар игі істеріңізге береке, дендеріңізге саулық беріп, бұдан да сауапты істерді жасауды жазсын" - делінген алғыс хат мәтінінде. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітіні баспасөз қызметі

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: