Шу ауданынан Мақтааралға тағы да көмек жөнелтілді

Шу ауданынан Мақтааралға тағы да көмек жөнелтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Абай ауылы, Оспанәлі мешітінің молдасы Оңғарбаев Бағдаулеттің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз» атты акциясы аясында, ауыл кәсіпкер азаматтарды жұдырықтай жұмылдыра отырып, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына бір жүк көлік азық-түлік, киім-кешек, т.б заттар жөнелтілді.

Атап айтатын болсақ, 20 қап ұн, 20 қап қант, 10 қап пияз, 10 қап картоп, 100 лт сұйық май, 15 қап макарон, 5 қап күріш, 40 әшмүшке шай, 3 дана памперс, 5 дана дәретхана қағазы, 1 қорап кір сабын, 1 қорап әтір сабын, 100 шт кір жуу ұнтақ, 1 қорап тіс пастасы, 1 қорап тіс щеткасы, 8 шт матрац, 10 шт төсеніш, 1 қорап нәски ерлерге, 1 қорап нәски әйелдерге, және 2 қорап нәски жас балаларға, 2 пачка футболка ер және әйелдерге арналған, 1 қорап шампунь, 1 қорап ыдыс жуғыш, 5 қорап печенье, 5 кг гречка, 2 дана станок және әйелдерге қажетті заттар.  (Жұмысалған қаражаты 600.000тг)

Сонымен қатар Далақайнар ауылдық "Далақайнар" мешітінің молдасы Көдебай Дүйсенғали осындай жақсылық шарасынан қалмай ауыл азамаматтарымен бірлесе отырып, Мақтаарал ауданына 450.000 теңге жұмсады. Жалпы жұмысалған қаражат 1.050.000 теңгенің басын құрады.

Қиын-қыстауда болған жерлестерімізге, қол ұшын созған барлық азаматтарымызға, Алланың нұры жаусын. Кәсіптеріне береке тілейміз.

Талғат Кәрібайұлы

                            Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: