БАС ИМАМ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС-САПАРҒА БАРДЫ

БАС ИМАМ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС-САПАРҒА БАРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына жасаған сапары барысында ҚМДБ-ның Жамбыл олысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызымен жүздесіп, өңірдегі діни ахуал жөнінде тілдесті. Бірқатар мәселелерді талқылап, шешу жолдары жөнінде жеке пікірлерін ортаға салды. 

Сонымен қатар бас имам орталық "Бәйдібек" мешітіне барып, ғимаратты аралап, мешіт құжаттарын тексеріп, жұмыс барысымен танысты. Тазалық жайы, аудандағы 29 мешіттің жағдайы, аудан имамдарының іс-құжаттарын қарады. 

Бейбіт Әліпбекұлы мешіт жанындағы мұқтаждарға арналған дүкенде жұма сайын 2 отбасыға жасалатын қайырымдылықтың куәгері болып, дүкенге келгендерге көмекті өз қолымен табыстады. Сондай-ақ бұл бастамаға оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: