"Рамазан" қайырымдылық науқаны

"Рамазан" қайырымдылық науқаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының имам молдалары өзінің сан-саналы қызметі аясында атқарып келген жұмыстары сан-алуан. Қасиетті Рамазан айында карантинге байланысты үйден шыға алмай отырған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық науқанын ұйымдастырып, азық-түлік, киім-кешек, ақшалай және еттей үйлерін аралап, үлестіруде.

Бірлік мешітінің молдасы Жұматаев Медет ауылдағы кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен 5 отбасыға 50.000 теңгені құрайтын ұн, күріш, макарон, сұйық май, қант, шай, томат сынды азық-түлік жеткізді.

"Күнту-баба" мешітінің имамы Ауесбаев Берік ауылда тұратын жағдайы төмен 7 отбасына 70 теңгеге азық-түлігін жеткізді.

"Бірлік-үстем" мешітінің молдасы Әлімбеков Жетпіспай аға болса, 5 отбасыға 1 қой етін үлестіре отырып, 3 отбасына 25 кг ұннан берді. Жалпы қаражаты - 59.000 тенге болды.

"Дала қайнар" мешітінің имамы Көдебай Дүйсенғали болса, 50.000-ға 1 қой етін, және 100.000 теңгеге күнделікті тұтынатын азық-түлік алып, 10 отбасына таратты.

"Рақыш-ата" мешітінің имамы Ақпанов Ерғазы 30.000 теңгелік 1 қой етін 5 отбасына таратты.

"Амангелді" мешітінің молдасы Абдрайымов Әбубәкр 40.000 теңгелік азық-түлікті 5 отбасына берді.

Қойайдар мешітінің имамы Смайыл Аян болса, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына байланысты тыл еңбегінің ардагерлерін жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге мешіт тарапынан сыйлықтар тапсырды.

Ақтөбе ауылы, Жылғабек мешітінің молдасы Қоспанов Әбусейіт ауыл азаматтымен бірлесе отырып, Кореяда ауырып, ота жасатқалы жатқан ауылдасының атына 700.000 тенге ақшасын аударды. Хазреті Әли (р.а. ) бір сөзінде «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз» деген екен. Жалпы жұмысалған қаражат саны - 1049000 тенгені құрады. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шарасы жалғасын таппақ.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: