Облыс бас имамы құс фабрикасын аралады

Облыс бас имамы құс фабрикасын аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда халал стандартына сай өнімдерге сұраныс күн санап артып келеді. Ал осы сертификатқа ие өндіріс орындары арнайы дін мамандарымен тексеріліп тұрады. Жамбыл облысындағы осындай халал өнім шығаратын ірі кәсіп орынның бірі - «Әулие-ата Құс» фабрикасы.

Аталған өндіріс орнына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жаңа қызметінде алғаш рет барып қайтты.  Бас имам кәсіпорынмен танысып, ішін аралады. Өнім туралы ақпарат алып, қызметкерлерімен тілдесті.

Нарықта тағам атаулысының түр-түрі толып тұрған уақытта сапалы, халал ас ұсынып жүрген өндіріс орнының ісіне жеміс, даму, береке тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: