Садақа берсең жаныңның азығы демекші...

Садақа берсең жаныңның азығы демекші...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла разылығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа садақа дейміз. Жасалған садақаның үлкен-кішісі болмайды, тек не берілсе де шынайы ықыласпен берілу керек. Қайырым қылсаң, қайырын өзің көресің немесе садақа бәлені қайтарады, рызық несібені молайтады дейді.

Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты, ауылдық мешіттерінің имам-молдалардың жасап жатқан қайырым шаралары жетерлік. Соның бір дәлелі Ақсу ауылы, Баласағұн мешітінің молдасы Джаманкеев Байұзақ ауылдағы кәсіпкер азаматтардың басын қосып, аталмыш ауылдың мүмкіндігі шектеулі  және жағдайы төмен 20 отбасына қайырымдылық шарасын өткізді. Күннің ыстығына қарамай, базарлатып, күнделікті қажет ететін 20 қап толы азық-түлік алып, мешіт ауласына тізімде тұрған кісілерді шақыртып, әр отбасына 1 қаптан үлестірді.

Атап айтатын болсақ, 1 қапта 5 кг макарон, 5кг күріш, 2 кг гречка, 5 кг қант, 3лт сұйық май, 2 кг горох, 2 кг конфет, жүгері таяқшасы, 1 қорап құрма, 1 попкорн, 1 қою сүт, 1 дана шәй, 1 кг халва, 1 кг вафли, 1кг шұжық салынған. 20 отбасына жұмысалған қаражат саны 240.000 тенгені құрады.

Баласағұн мешітінің молдасы Джаманкеев Байұзақ ауыл тұрғындарына Рамазанның қасиеті жайында уағызын айтып, шара соңында Құран оқып батасын берді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: