Біз Мақтаралдықтармен біргеміз!

Біз Мақтаралдықтармен біргеміз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркістан облысы, Мақтарал ауданында су тасқыны болғаны баршамызға мәлім. Тілсіз жау от пен су қайнарынан асқанда, ойсыратып кететіні бар. Мақтаралдықтардың көрген опаты жанымызды қайыстыруда, қанша тұрғын үйлер қирап, қанша мал шығыны шықты. Ардақты Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады деген».

Аталмыш жағдайға байланысты, бүгін Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының бастамасымен, аудандағы ерікті жастардың  және  кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен Мақтарал ауданына қайырымдылық шарасы жасалып, күнделікті тұтынатын қажетті азық-түліктер жөнелтілді.

Атап айтатын болсақ, 52 қап ұн, 21 қап қант, 100 лт сұйық май, 400 кг макарон, 20 қап пияз, 30 кг тұз, 50 қорап шәй, 200 дана дәретхана қағазы, 3 қорап печенье, 3 қорап конфет, 90 адамға жаздық аяқ киіммен 90 балаға жаздық киім кешектер мен 5 дана кілем. Сонымен қатар сапарға аттанған бауырларымыздың жолкірелері мен тамақ асына 60.000 теңге берілді. Жалпы жұмысалған қаражат саны 760.000 теңгені құрады.

Алаштың арысы Әлихан Бөкейханов бір сөзінде: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып, іс қылса, халықтың мақсаты сонда ғана орындалады» деген. Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы осындай істің бас қасында жүрген азаматтарымызға алғысын жеткізіп, рақыметін жаудырды. Жолға шыққалы тұрған азаматтарға сапарларына сәттілік тілеп, Мақтаралдық бауырларға Шу аудан тұрғындарының атынан сәлемін жеткізуді тапсырды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: