Бүгінгі таңда, жалпы халықтың жағдайы төмендеп бара жатқаны байқалуда. Мешітке келіп көмек сұраушылар саны күннен күнге артуда. Келушілердің көбі қаражат, азық-түлікке сұраныс жасайды. Ия, олар қайдан білсін, мешітке қаражат бар ма, жоқ па? Мешіттердің қазіргі жағдайы мәлім.
Қол қусырып отыра алмаған бас имам Батырбек қажы Жақсымбетұлы ат басын терлетіп, біраз жерге барып қайырымды жандармен жүздесіп, қарапайым халықтың қазіргі тыныс-тіршілігі, кейбір жандардың күйзелісте жүргендігі жайында жүрек жарды мәлімдеме жасағанының нәтижесінде, сұраныста жүрген 20 жанұяға азық-түлік қайырымдылық жәрдем көрсетілді.
Ия, оңай шаруа емес, дегенмен сауабы мол іс екені белгілі. Алла Тағала баршасына сауаптан жазсын!
Аудандық «Меркі ата» мешіті