Жалғасын тапқан, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық көмек ауданға қарасты елді-мекенде тұратын бауыр-қандастарымызға жетті. Он бес ауылдың әкімдерімен хабарласып, әр әкімшіліктен он жағдайы төмен жанұяны анықтап, 150 отбасыға күріштен тағам даярланып, дастархан әзірленіп (нан, қант, конфет, құрма, сусын, шай), округтан келген жауапты азаматтар ауыл тұрғындарына ауызашар мезгілінде таратты.
Негізінде, мұндай іс-шараның жасалуы төтенше жағдай кезінде халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, мешіт қызметкерлері басшылыққа алып, ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев «Біз әрдайым халықпен біргеміз» деген жүрек жарды мақсатта істелген қайырымдылық іс-шарасы деп атап өтті.
Жақсылық – ешуақытта жерде қалмайды. Осындай үлкен іс-шараны естіген аудан басшылығы арнайы орталық мешітке келіп, ауыл әкімдерінің және өзінің атынан ауыл тұрғындарына ыстық сәлемін жеткізді.
Аудандық «Меркі ата» мешіті