Рамазан - қайырымдылықтың айы. Бұл айда қандай амал жасасаң да, ол екі еселенетіні мәлім. Жақсылықта жарысушылар қатарында осындай игі іс-шараны сүйікті ісіне айналдырып, карантин жағдайында мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізіп жүрген азаматтар баршылық.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың қолдауымен, "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлының ұйытқы болуымен "Ақсарай" мешітінің жамағаты және Жамбыл облысының "Мұқтаждар" атаулы қайырымдылық тобының бірлесуімен 31 жанұяға азық-түлік таратылды. Айтулы қамқорлық шарасына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Халал даму" ЖШС өкілі Нұрматжан Миразизов та атсалысты.
Мұқтаж отбасыларға алынған қажеттіліктердің ішінде: шит май, макарон өнімдері, күріш, колбаса, печенье, құрма, шекер, ұн, кәмпит сынды тәттілер де бар. Жалпы қайырымылыққа 320 000 теңге қаражат кетті.
Нұралы Бақылұлы өз сөзінде: "Қайырымдылыққа өз үлесін қосып жатқан әрбір азаматқа Алла тағала береке берсін, Алла жолында берген садақаларыңызды арттырсын" - деп дәл рамазан айында берілетін қайырымдылықтың сауабы жайында тілге тиек етіп, Алла разылығын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.