Тараз: 1050 отбасыға ауызашарға тамақ жеткізілді

Тараз: 1050 отбасыға ауызашарға тамақ жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда т.б. мекемелерде жиналып ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырамыз» - деген, тапсырмасын ескере отырып, жанұясымен бірге сыртқа шыға алмай отырған мұқтаж отбасылар мен ауыз бекіткендер үшін ауызашар сауабынан үміт еткен азаматтардың қайырымдылық іс-шарасы орталық «Һибатула Тарази» мешітінің жанынан құрылған еріктілермен бірге іске асырылуда.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымастыруымен ауызашар дастарханы (тамақ, салат, тәттілер, сусындар) қала тұрғындарының үйіне жеткізілуде. Атап айтсақ, Шөлдала ауылы, Қарасу 5-ші  мөлтек ауданы №25-ші және Төлеби көшесінің бойындағы «Юность», «Огонек» жатақханаларының ауыз  бекіткен тұрғынарына, т.б. ыстық тамақ берілді.

Жалпы бүгінгі күнге дейін ораза басталғалы 1050 отбасыға ауызашар берілді. Іс-шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің өзі бастап, ауыз бекіткен көпшілікке ас-аухат таратуда. 

Карантин жағдайында жамағатты жинамай, осылай ауызашуға арналған дастарханды үй-үйге жеткізу ең тиімді жол болып отыр. Тұрғындар да бұл игілікке шын қуанып, разылықтарын білдірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: