Қайырым қылсаң, қайырын өзің көресің

Қайырым қылсаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

12 айдың сұлтаны Қасиетті Рамазан айының келуіне орай, Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты Бірлік-үстем мешітінің молдасы Әлімбеков Жетпісбай молданың  ұйытқы болуымен , Бірлік-үстем ауылдық округінің бірқатар шаруақожалық иелері ауылдағы жалғыз басты ақсақалдар мен жағдайы төмен отбасыларға сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға 1 өгіз сойып, 30 отбасыға 5 кг еттен және 3 л сұйық май, 1 қорап шай, 5 кг қант, 10 кг ұн, 5 кг күріштен тұратын азық-түлік себетін үлестірді. Жалпы жұмысалған қаражат саны - 482.000 теңгені құрады.

Кәсіпкер азаматтардың тарапынан көрсетіліп отырған қайырымдылық шарасы қасиетті Рамазан айында карантинге байланысты туындаған қиыншылықтарға қарамастан, ауыз бекітіп отырған, аз қамтылған отбасыларға басқа жылдарға қарағанда ерекше және үлкен көмек болмақ. "Өздері де карантин талаптарын орындап, шектеу шараларына түсіністікпен қарап, шығынға ұшырап отырғанына қарамастан, мұқтаж жандарға көмектесіп мейірімділік танытып отырған ауыл кәсіпкерлеріне алғыс айта отырып, осы қасиетті айда берген садақалары мен дұға тілектері қабыл болғай дейміз" - дейді мешіт қызметкерлері.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: