ТАРАЗ: КЕШІРІМ МЕН КЕҢШІЛІК АЙЫ - РАМАЗАН

ТАРАЗ: КЕШІРІМ МЕН КЕҢШІЛІК АЙЫ - РАМАЗАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Келіп жеткен қайырымдылық пен жомарттық айында әрбір мұсылман аш-арық кедейді тойдыруға, жетім-жесірдің маңдайынан сыйпауға, әлсізді демеп жіберуге тырысып, Алла разылығы үшін ізгі амалдарын еселей түседі.

Осы орайда Тараз қаласының имамдары да қайырымдылық шараларына белсенді түрде ат салысуда.

Көп балалы тұрмысы төмен, асыраушысы жоқ аналар және төтенше жағдайда қиындыққа тап болған отбасылар көмек алды.

Атап айтқанда 145 отбасына азық-түлік, 11 отбасына зекет беріліп, жалпы 871.300 теңге қаржы жұмсалды.

Барша дін қызметкерлері мен қол ұшын ұсынған жанашыр азаматтарға алғыс айтамыз. Қайырымдылық акциясы жалғасуда.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: