Байзақта 80 отбасыға азық-түлік берілді

Байзақта 80 отбасыға азық-түлік берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық науқандарын өткізу - мешіттердің күнтәртібіндегі кезекті, әрі басты шарасы. Осындай игілік Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінде өтті. 

Байзақ аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев арнайы қатысып, көмек ретінде азық-түлік таратуға ат салысты. 

Байзақ ауданына қарасты барлық имамдар, азаншы, ұстаз, тазалықшы сынды барлық мешіт қызметкерлеріне, жалпы саны 50 адамға азық-түлік үлестірілді. 

Сонымен қатар аудандағы 30 мұқтаж отбасыға барлық қажеттіліктерге толы ас қапшықтары таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: