Біз араққа қарсымыз!

Біз араққа қарсымыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта бұл харам ішімдікті жастар, әйелдермен үлкен кісілерде ұрттап жүргенін көздеріміз шалып жатқаны бар. Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Арақ бүкіл жаманшылықтың кілті» деген. Оның зиянына келетін болсақ, ауызбен айтып, қаламмен жазып жеткізе алмаспыз. Алла Құранда оны арам деген. Қаншама жерлестеріміз осы арақтың салдарынан зардап шегуде.

Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Балуан Шолақ ауылы, "Қойайдар" мешітінің имамы Смайыл Аян, Жаңа жол ауылы, "Күнту баба" мешітінің имамы Әуесбаев Берік, және Көктөбе ауылы, "Рақыш-ата" мешіттінің имамы Ақпанов Ерғазы, Бірлік ауылы, "Бірлік" мешітінің молдасы Жұматаев Медеттің  ұйымдастыруларымен ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, аталмыш ауылдардағы дүкен иелері мен кәсіпкерлерге жолығып, Рамазан айында арақ сатпауға шақырды.

Сондай-ақ, осындай игі іс-шараның басқасында жүрген ауыл имамдары кәсіпкерлерге арақтың қоғамға зияны жайында қысқаша өсиет айтып, кәсіптеріне береке тіледі. Ауыл тұрғындарына ораза кестелерін таратып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: