Шу ауданындағы Рамазан

Шу ауданындағы Рамазан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыға күткен ай, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы да келді. Рамазан айында, Алла жолында жасалған сауапты амалдар еселеп беріледі демекші, қасиетті Рамазан айының алғашқы жұлдызы кіре сала Шулық молдалар жарыса қайырымдылық жұмыстарын жасады.

Атап айтатын болсақ, Ақтөбе ауылы, Жылғабек мешітінің молдасы Қоспанов Әбусейіт  2 қой сойып, 8 отбасына етін үлестірді. Сонымен қоса, арнайы жасақталған әр отбасына  1 қап картоп, 5кг қант, 4 кг макарон, 3 кг күріш, 2 лт сұйық май, 1 кг печенье, 1кг шәй, 1 кг конфет, 1 дана кір жуғыш ұнтақ, және дәретхана қағазы таратылды. Жұмысалған қаражаты  -171.000тг болды.

Бірлік ауылы, Бірлік мешітінің молдасы Жұматаев Медет болса, Рамазанның алғашқы күні аталмыш мешіттің ауласында 1 өгіз сойып, етін жағдайы төмен 21 отбасына таратты. Және ауыз бекіткен күнделікті 5 ауыл тұрғындарына ауызашу үшін дайындалған арнайы сөмкеде 1л сүт, 1 дана құрма, 500 гр тәтті нан, 1 қою сүт, 1кг печенье, 1кг конфет, 1л газсыз су берілді. Ауыл молдасы Медет Жұматаев күнделікті ауыз бекіткен 5 отбасына осындай азыққа толы сөмкелер беру ниетінде барын жеткізіп және аз қамтылған 10 отбасына 20 бөлке нан күнделікті тегін таратылатын айтты. Жұмысалған қаражаты - 318.000 тг болды.

Рақыш-ата мешітінің имамы Ақпанов Ерғазы және Далақайнар ауылдық, Далақайнар мешітінің молдалары 1 қойдан сойып, 5 отбасыға таратты. Жұмысалған қаражаттары 100.000 тг болды.

Жалпы жұмысалған қаражат саны 589.000 теңгені құрады.

Талғат Кәрібайұлы

                              Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: