Қаратау мешіті рамазанды қайырымдылықпен бастады

Қаратау мешіті рамазанды қайырымдылықпен бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төтенше жағдай кезінде діни іс-шараларды атқару туралы өткізген баспасөз мәслихатында қасиетті Рамазан айында қайырымды азаматтарға әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату арқылы ауыз аштыру, ауызашарға жұмсалатын шығындарды ораза ұстаған адамдарға ақшалай беру сынды ізгі амалдарды жасауға шақырған болатын.

Биыл Ораза айы мұсылман үшін күндердің сұлтаны саналатын қасиетті жұмаға сәйкес келді. Аудандағы жаны жомарт азаматтардың демеушілік көмегімен жиылған қаражатқа Рамазанның бірінші күні Орталық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев бастаған діни қызметкерлер қаладағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларының үйлеріне арнайы барып, күнделікті тұтынатын азық-түлік заттарын таратты.

Қайырымдылық көмегін алған тұрғындар қолдау көрсеткен азаматтар мен ұйымдастырушылар тарапына шексіз ризашылықтарын білдіруде. Сауапқа толы игі шараны Ораза айында тұрақты түрде жалғасатын болады.

Қаратау мешітінің баспасөз қызметі

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: