Әйел-қыздар секторы мұқтаждарға көмек қолын созды

Әйел-қыздар секторы мұқтаждарға көмек қолын созды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының бастауына орай ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен 6 жанұяға көмек көрсетілді. 

Қажеттіліктерге толы азық-түлік қапшықтарын сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева үлестірді. Отбасыларды мүбәрак Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық ретінде мешіт атынан қосымша қаржылай да жәрдем жасалды. 

Қасиетті Құранда: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» деген.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: